Қоғам • 10 Сәуір, 2021

Зооволонтерлердің бастамаларын қолдауға қанша грант бөлінді?

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Еріктілер лигасы шағын гранттар конкурсын жариялады, онда 5 жеңімпаз Нұр-Сұлтан қаласында жануарларды қорғау бойынша өздерінің волонтерлік бастамаларын іске асырады, деп хабарлайды Egemen.kz

Зооволонтерлердің бастамаларын қолдауға қанша грант бөлінді?

Әр жобаның құны – 500 мың теңге. Бұл туралы жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жобасының таныстырылымы барысында белгілі болды.

Конкурсқа жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Байқау туралы толық ақпарат лиганың және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ақпараттық алаңдарында жарияланды. 2 жоба одан әрі бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше