9-10 сәуірге қараған түні Алматының мониторинг тобы компьютерлік клубтан, бардан және кафеден 300-ге жуық адамды шығарды. Құқық бұзушылардың басым бөлігі «Барвиха» түнгі клубынан анықталды. Жабық алаңда 60-қа жуық келуші болды.
Жалпы, Алматыда бір түнде белгіленген шектеулердің 15 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 13 нысан: мейрамханалар, кафелер мен дүкендер, бір компьютерлік клуб және түнгі клуб.Тексеру үшін полиция басқармасына барлығы 48 адам жеткізілді.
Әуезов ауданы бойынша: «RGB» компьютерлік клубы.
Бостандық ауданында: «75 Projest» лаунж бары жұмыс істеді, онда 40 адам болды.
Жетісу ауданы бойынша: «Эльнарус» кафесінде 40-қа жуық адам карантинді бұзған.
Медеу ауданында: «Барвиха» клубы. Онда 60-қа жуық адам болды.
Барлық мекеме иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.
Алматы қаласының әкімдігі тұрғындарды карантиндік шектеулерді ұстануға және жұқтыру қаупі жоғары нысандарға бармауға шақырады.