Аймақтар • 11 Сәуір, 2021

Ақтөбеде су тасқынынан 20 адам эвакуацияланды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түнде Ақтөбе қаласындағы Қарғалы және Думан тұрғын үй алаптарынан 20 адам эвакуацияланып, мектепке орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбеде су тасқынынан 20 адам эвакуацияланды

Ақтөбеде жеке үйлердің аулаларын еріген қар суы басып, жедел түрде 20 адам (оның ішінде 9 бала) М.Арынов атындағы мектепке эвакуацияланды.

«Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың жедел тобы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Тұрғындар өз үйіне қайта оралады. Ақтөбе облысының ТЖД су басу қаупі жоғары аймақта тұратын азаматтарға сақ болуды ескертеді», деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.