«Магистратураға кешенді тестілеуге өтініштер ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 1 маусым мен 15 шілде аралығында қабылданады. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электронды түрде тестіленушінің жеке кабинетіне жіберіледі», деді ведомстводан.
Магистратураға кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады. Араб тілі бойынша және шығармашылық емтихандар 16-25 шілде аралығында өтеді.
Магистратураға қабылдау 28 тамызда аяқталады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл бакалавриатқа – 51 500, магистратураға 13 500 грант бөлінеді.