Елорда • 11 Сәуір, 2021

Елорда әкімі азаматтарды қабылдады

193 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Instagram парақшасында азаматтарды қабылдағанын айта отырып, олардың сұрауымен тұрғын үй мәселесі қалай шешіліп жатқанын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Елорда әкімі азаматтарды қабылдады

«Әр аптаның соңында азаматтарды қабылдаймыз. Бір күн бұрын онлайн режимде 10 тұрғындарды қабылдадым. Көтерілген мәселелер әртүрлі.

Мысалы, Байқоңыр ауданында (Күлтегін тұйық көшесі) үйлердің жанында жоғары вольтты электр тарату желілері өтеді. Азаматтарды қабылдау кезінде бұл мәселені аудан тұрғындары көтерді. Бұл мәселені шешеміз.

Сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесіне қатысты. Жеңілдікпен берілетін әлеуметтік тұрғын үй салумен қатар, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтап, тұрғын үйлерді жөндеп, апатты жағдайдағы үйлерді сүріп жатырмыз.

Былтыр 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделді. Соңғы екі жылда 400-ден астам отбасы апатты жағдайдағы ескі үйлерден көшірілді.

Биыл 200-ден астам отбасыны көшіріп, оларға жайлы, ең бастысы өмір сүру үшін қауіпсіз жағдай жасауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ қолданыстағы тұрғын үй кешендерін жөндеуді жалғастырамыз. Өкінішке қарай, оларда көптеген проблемалар бар. Олардың арасында жаңадан салынған үйлер де бар.

Тұрғын үй мәселелері бойынша бірнеше инстанцияға бармау үшін қала тұрғындарының өтініші бойынша 2020 жылдың күзінде тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды (Республика даңғылы, 32). Онда тұрғын үй кезегінің нөмірі, кезекке қалай тұру керектігі, тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылу барысы және т. б. туралы білуге болады.

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзінде жұмыс істеуі өте маңызды», деп жазды қала әкімі.