Аймақтар • 11 Сәуір, 2021

Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласындағы шошқа фермасында көң шығарылмайтын болды. Енді ағынды суды төгуге рұқсат жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылында орналасқан «Парижская коммуна XXI» ЖШС-да экологиялық заңнаманың бұзылуына байланысты сот үкімімен 7 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынған еді.

Соттың шешімімен Ақтөбе облыстық Экология департаментінің лас суды төгу мен көң сақтау қызметін тоқтату туралы талап-арызы да қанағаттандырылды. Екі шешім де қазіргі таңда күшіне енді.

«Сот орындаушылары серіктестікке лас суды төгу және көң қоймасының жұмысын тоқтату туралы хабарлама жолдады. ​Алайда «Парижская коммуна XXI» ЖШС тарапынан сот шешімдерін орындау бойынша тиісті шара қабылданбады және оларды орындауға ниет білдірмеді. Сот орындаушылары құбырларды дәнекерлеп, көң қоймасының есігіне құлып салды», деді баспасөз қызметінің өкілі.

Қазіргі кезде шошқа фермасының иесі Гайк Тертерян үйқамақта отыр. Оған қатысты қылмыстық тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше