Жобалау-сметалық құжаттамаға тапсырыс беруші ретінде Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тіркелді.
Бозжыраның қарау алаңына дейін автожол салу бойынша ЖСҚ әзірлеу - 18,5 миллион теңге, шатқалға жол салу бойынша - 23,2 миллион теңге бөлінді.
Осы орайда екі конкурстың жеңімпазы жергілікті «Жобалау Орталығы» ЖШС болды.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар мен табиғат қорғаушылар әлеуметтік желілерде наразылықтарын білдіріп, Бозжыра қорығында қонақүй салуға қарсы болған еді.