Бақытжан Әшірбаев Шымкент қаласында дүниеге келген. Сол қалада «Сәулетші» мамандығы бойынша жоғары білім алып, өмір бойы сәулет және құрылыс саласында қызмет атқарған.
Белгілі сәулетші еңбек жолын Шымкент қаласындағы «Южгорсельпроект» мемлекеттік жобалау институтында сәулетші болып бастаған.
1981-1999 жылдары Шымкент қаласының бас сәулетшісі болып жұмыс істеді. Сол жылдары оның басшылығымен қала орталығы заманауи көрініске ие болды.
1999 жылдан 2005 жылға дейін Б.Әшірбаев «Түркістанның 1500 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу дирекциясын» басқарды.
2010 жылдың тамыз айынан – Оңтүстік қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы.
Бақытжан Әшірбаев Түркістанның 1500 жылдық мерейтойына орай құрылыс салғаны үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Бұл оның өміріндегі маңызды кезең – Түркістан мерейтойына дайындыққа қатысу болды.
Кейіннен Бақытжан Әшірбаев облыстың бас сәулетшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.