Бүгін сағат 16:00-де Хромтау ауданы Ақжар ауылында үйде жарылыс болып, кіреберіс құлап қалды. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімінің бригадасы жіберілді.
«Төтенше оқиға кезінде Хромтау қаласының ауруханасына 7 адам жеткізілді. Оның ішінде үшеуі бала. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі уақытта бәрін дәрігерлер өз бақылауына алды», деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.