Спорт • 12 Сәуір, 2021

Израильден басым түсті

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстан ұлттық құра­масы 2022 жылғы әлем чемпио­на­тының іріктеу кезеңі аясындағы ке­зекті тур ойынын Нұр-Сұлтанда өткізіп, Израиль құрамасын ірі есеппен жеңді.

Израильден басым түсті

Елордадағы «Сайран Арена» спорт кешенінде өткен матч 4:1 есебімен жер­лестеріміздің пайдасына шешілді. Тартысты өткен кездесудің есебін 16-минутта Тайнан ашты. Әрі қарай Нұрбек Қарағұловтың тепкен добынан кейін қарсылас команданың ойыншысы Эвиатар Барухян өз қақпасына гол соғып алды. Үзіліске дейін Қазақстан құрамасының ойыншысы Жомарт Тоқаев үшінші голды соқты. Екінші таймда Тай­нан дубльдің авторы атанып, таблодағы көрсеткішті 4:0-ге жеткізді. Кездесу соңына қарай Израиль құрамасының ойыншысы Тамир Школьник есеп айырмасын қысқартты.

Айта кетейік, біздің жігіттер өткен турда сырт алаңда Мажарстан құрамасын 6:1 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын Еуропа чемпионатына жолдама алып қойған еді.