«Коронавирус жұқтырғандар саны Қостанай мен Түркістан облыстарынан басқа Қазақстанның өзге өңірлерінде өсіп жатыр. Ел бойынша сырқаттанушылықтың 61 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы қаласына және Алматы облысына тиесілі. Сәуірде эпидемиялық жағдай айтарлықтай нашарлады. Сәуірдің алғашқы 11 күнінде коронавирустың 24 955 жағдайы тіркелді. Наурыздың осы кезеңімен салыстырғанда вирус жұқтыру дерегі үш есе өсті. Қазір тәулігіне 2 800 науқас тіркелуде», деді министр.
Сондай-ақ ол коронавирустан қайтыс болғандардың саны да көбейгенін атап өтті. Атап айтқанда наурызда ақпанмен салыстырғанда індеттен қайтыс болғандар саны 1,4 есе өсті. Өлім жағдайларының 57 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облыстарына тиесілі.