Аймақтар • 12 Сәуір, 2021

Батыс Қазақстанда бертінге дейін қанша адамға вакцина салынды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында 14190 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыс Қазақстанда бертінге дейін қанша адамға вакцина салынды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сүйенсек, оның 4696-сы – медицина қызметкерлері, 2867-сі – педагогтер, 1280-і –құқық қорғау органдарының өкілдері, 5347-сі – басқа сала адамдары.

Оған қоса 3459 адам вакцинаның екінші компонентін алды.

Екпе науқаны басталғаннан бері облысқа 34300 доза вакцина жеткізілсе, соның 24150-і – бірінші, 10150-і – екінші компонент.

9 сәуірде әкелінген 14 мың доза (І компонент) өңірдегі медицина ұйымдарына бөлініп берілді. Тұрғындарды көбірек қамту мақсатында егу кабинеттері демалыс күндері де жұмыс істейтін болды. Атап айтқанда, 9 сәуірде – 1175, 10-ы күні – 1935, кеше 930 адам екпе салдырды.

Күні бүгінге дейін соңғы түскен вакцинамен 4040 адам (28,8 пайыз) егілді.

Алдын ала мәлімет бойынша осы айда тағы да 35 мың доза вакцина өңірге жеткізілмек.