«Қазіргі уақытта Президент тапсырмасына сәйкес прокуратура жайылым жерлерді бөлу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізіп жатыр. Қазіргі кезеңде прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жалпы аумағы 2,3 млн гектарды құрайтын 3,5 мың жайылым учаскесін анықтады», дейді Ғизат Нұрдәулетов.
Сонымен қатар прокурор соңғы 3 жылда пайдаланылмайтын 12 млн гектар жайылым анықталғандығын атап өтті.
«Соңғы үш жылдың ішінде прокуратура органдары ел аумағында жалпы ауданы 12 млн гектар 26,5 мың пайдаланылмай жатқан жайылымды анықтады. Қабылданған іс-шаралардың арқасында ауданы 3,6 млн гектар 2,4 мың учаске (кадастырлық құны 8,8 млрд теңге) мемлекетке қайтарылды.4,6 мың учаскені игеру басталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», деді ол.