Аймақтар • 12 Сәуір, 2021

Алматыдағы Саин көшесі үш шақырымға ұзартылады

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Саин көшесін үш шақырымға ұзарту жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық мәслихат депутаты Михаил Грачев мәлім етті, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Алматыдағы Саин көшесі үш шақырымға ұзартылады

Оның айтуынша, Саин көшесін Рысқұлов даңғылы мен Ақын Сара көшесі аралығында ұзартылмақ. Ұзындығы 3 шақырымнан асатын жаңа торап қаланың солтүстік батыс бөлігін орталықпен жалғайды.

«Қазіргі уақытта Назарбаев даңғылын Райымбектен Жансүгіровке дейін ұзарту жұмыстары жүргізілуде. Қараша айында аяқталады деп күтілуде», деді Михаил Грачев.

Сондай-ақ ол Назарбаев даңғылын ұзарту арқылы көлік жүктемесін 20%-ға дейін төмендетуге болатынын атап өтті. Сонымен қатар, бұл шаһардың ірі жолдарындағы көлік ағыны мен кептелістерді азайтуға ықпал етеді.