Әлем • 12 Сәуір, 2021

Коронавирус бойынша әлемдегі ахуалға шолу

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әлемдегі ахуалға қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус бойынша әлемдегі ахуалға шолу

Британия билігі мемлекетте орын алған ауыр эпидемиологиялық жағдай кезінде енгізілген шектеу шараларын жеңілдетпек. Дүйсенбіден бастап пабтар мен мейрамханалар келушілерді тек ашық ауада қабылдай алады. Азық-түлік дүкендерімен бірге, басқа да дүкендер жұмыс істей бастайды, сонымен қатар спорт залдары, бассейндер мен кітапханалар, сұлулық салондары ашылады.

5

Чехия жыл басынан бері алғаш рет шектеу шараларын жеңілдетпек. Дүйсенбіден бастап бастауыш мектептері мен көптеген дүкендер, фермерлік базарлар, хайуанаттар бағы мен ботаникалық бақтар ашылады.

щ

Италияның тағы бес аймағы - Калабрия, Эмилия-Ромагна, Ломбардия, Пьемонт және Тоскана - эпидемиологиялық ахуалы қауіпті қызыл аймақ деңгейінен қалыпты, қызғылт сарыға ауыстырылды. Дүйсенбіден бастап елдің көп бөлігі қызғылт сары аймаққа өтті.

з

Нидерланды үкіметі коменданттық сағат және басқа да шектеу шаралары кем дегенде 28 сәуірге дейін сақталады деген ұйғарымға келген, өйткені күнделікті індетті жұқтыру саны екі апталық максимумға жеткен. Бұған дейін билік коменданттық сағат пен ашық аспан астындағы мейрамханаларға баруға тыйымды алып тастап, 21 сәуірден бастап шектеу шараларын жеңілдетуді қарастырған болатын.

з