Спорт • 13 Сәуір, 2021

Іріктеуді ірі жеңіспен түйіндеді

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама­сы 2022 жылғы Еуропа чемпио­наты­ның іріктеу кезеңін жеңіліссіз аяқтады. Бесінші топта Мажарстан, Израиль және Беларусь құрамаларымен сынға түскен жерлестеріміз алты ойынның бәрінде жеңіске жетіп, 18 ұпаймен өз тобында бірінші орын алды.

Іріктеуді ірі жеңіспен түйіндеді

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі соңғы екі ойынын Израиль құрамасымен өткізді. Елордада ұйымдастырылған алғаш­қы кездесуде біздің жігіттер 4:1 есебімен басым түссе, 11 сәуірдегі қарымта матчта қар­сыластар қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Бірінші ойындағыдай Тайнан қар­сыластар қақпасын 2 және 25-минуттарда дәл көздеп, дубльдің авторы атанса, Тимур Балтабаев (5-минут) пен Жомарт Тоқаев (22-минут) бір мәрте мергендігімен көзге түсті.

Жерлестеріміз енді 2022 жылдың 19 қаң­тары мен 6 ақпаны аралығында Нидер­ландтың Амстердам және Гронинген қала­ларында өтетін кезекті Еуропа чемпионатына дайындалады.

 

 

Соңғы жаңалықтар