Теннис • 13 Сәуір, 2021

ТОП-30 теннисшінің қатарына оралды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннисшілердің әлемдік рейтингі қай­та жаңартылды. Қазіргі кезде әйел­­дер арасында Қазақстанның екі өкілі ТОП-30, ерлер арасында бір спорт­шымыз әлемдегі ең үздік 50 тен­нис­шінің қатарына еніп отыр.

ТОП-30 теннисшінің қатарына оралды

WTA тізімінде ең үздік көрсеткіш Елена Рыбакинаға тиесілі. Ол өзінің 23-орнын сақтап қалды. Ал күні кеше АҚШ-тың Чарльстон қаласында өз мәресіне жеткен Volvo Cars Open турнирінде табысты өнер көрсеткен Юлия Путинцева рейтингте 31-орыннан 30-сатыға жоғарылады. Осы­лайша араға үш жыл салып ол үздік 30 тен­нисшінің қатарына қосылды. 2017 жылдың ақпан айында Путинцева әлемдік рейтингте 27-орынға дейін көтерілген еді. Өкінішке қарай, Зарина Диас әлемдік рейтингте екі орын төмен сырғып, 90-сатыға жайғасты.

Ерлер арасындағы рейтингте отандас­тарымыз арасында ең үздік нәтижеге Алек­сандр Бублик қол жеткізіп отыр. Ол АТР рейтингінде 42-орынды еншілеуде. Қалған теннисшілеріміздің нәтижесі көңіл көншітпейді.