Қазақстан • 13 Сәуір, 2021

Асқар Мамин қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық мұсылмандар қауымын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Асқар Мамин қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қ

азақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Рамазан айы адамдарды ниет тазалығына, жанашырлық пен мейірімділікке, сабырлылық пен өзара түсіністікке, жақындарына қамқорлық жасауға және мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үндейді.

Рамазан мұсылмандардың ғана емес, еліміздегі басқа дін өкілдерінің де басын біріктіріп, Қазақстан халқының дәстүрлі рухани құндылықтарын нығайта түседі.

Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, татулық және игілік тілеймін. Жаратушы жамағатының барлық дұғаларын қабыл етіп, игі істерінің сауабын жазсын!