Оқиға • 13 Сәуір, 2021

20 жылын түрмеде өткізген ер адам тағы екі адамның өмірін қиды

1386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудный қаласының тұрғыны екі адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қылмыскер осыдан үш ай бұрын колониядан шыққан еді, деп хабарлайды Egemen.kz

20 жылын түрмеде өткізген ер адам тағы екі адамның өмірін қиды

41 жастағы Эдуард Сулаков аса қатыгездікпен екі адам өлтіргені үшін колонияда 20 жыл өткізіп, 2020 жылдың мамыр айында ғана босатылған еді. Алайда бұл әрекетінен сабақ алмаған ол былтыр тамыз айында тағы да қонақта болып, үй иелерімен бірге алкогольдік ішімдік ішкен.

Ішімдіктің соңы жанжалға ұласып, Сулаков үй иесін кеудесінен пышақпен бірнеше рет сұққылаған. Бисендин алған жарақаттарының салдарынан, оқиға орнында тіл тартпастан қайтыс болды.  Мұны көрген Бисендиннің әйелін басқа бөлмеге алып кетіп, зәбір көрсеткен. Артынша әйелдің де мойнын бірнеше рет пышықпан тіліп тастаған.

Рудныйда ерлі-зайыптының өмірін қиған ер адамды іздестіруде арнайы жедел тергеу тобы жұмыс істеді. Күдікті екі күн бойы іздестіріліп, 20 тамызда жедел қызметкерлерден жасырынуға тырысып, оларға қарсылық көрсеткеніне қарамастан қамауға алынды.

Сот үкімі бойынша қаншер Бисендин мен оның әйелі Чернышты өлтіргені үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Енді ол алдағы өмірін жедел қауіпсіздік колониясында өтейтін болады. 

 

Рабиға МҰРАТ