Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклдің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған фактіге қатысты тергеу жүргізілуде.
Айта кетейік, статистикаға сәйкес, мототехниканың апатқа ұшырауына көбіне жүргізушілердің қауіпсіздікті сақтамауы, жол ережесін бұзуы себеп болады.