Спорт • 13 Сәуір, 2021

Сұлтан Әсетұлы мен Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатының финалына шықты

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарысты грек-рим күресі шеберлері бастады. 

Сұлтан Әсетұлы мен Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатының финалына шықты

Алғашқы күні бес салмақ дәрежесі бойынша бәсекелер өтті. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар арасынан Жансерік Сәрсенбиев тұсаукесер бәсекесінде ұтылды. 55 кило салмақта белдескен қандасымыз моңғолиялық Мұңх Ерденге есе жіберді. Көп ұзамай 87 кило салмақтағы Нұрсұлтан Тұрсынов та жеңілістің кермек дәмін татты. Ол үндістандық Құмар Сунилден жеңілді. 

Өзге балуандарымыз алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Сұлтан Әсетұлы (63 кило) тайпейлік Чжу Чи Хуанға, Демеу Жадыраев (77 кило) кореялық Нох Йонжинге және Әлімхан Сыздықов жапониялық Сота Нокамураға сан соқтырды. 

ыы

Жартылай финалда Сұлтан сириялық Мұхаммед Фуазды айқын басымдықпен ұтса, Әлімхан Оңтүстік Кореяның өкілі Минжон Кимді қапы қалдырды. Ал Демеу тәжікстандық Далер Резазаденің осал тұсын таба алған жоқ. 

Осылайша, біраз уақыттан кейін Сұлтан Әсетұлы мен Әлімхан Сыздықов бас жүлде үшін таласады. Ал Демеу Жадыраев пен Нұрсұлтан Тұрсыновтың қоламедальді иеленуге мүмкіндіктері бар.