Өзінің айтуы бойынша ол екі бөтелке сыра ішіпті. Соның кесірінен жолды бақылау қырағылығы төмендеген. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ, тек көліктерге механикалық зақым келтірілген. Жалпы келтірілген шығын шамамен 200 мың теңгеден астам. Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша материал жиналды. «Төрт жастағы бала қаладан анасы келіп алып кеткенше ювеналдық полицияның полицияның қарауында болды. Автомашина арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге сот шешімімен 20 тәулікке қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Бұдан басқа, ол 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды, — дейді Мамлют ауданының ПБ бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.
СҚО-дағы аудан орталығы Мамлюткадан төрт жастағы баласымен Петропавлға келген 45-ке келген тұрғын «ВАЗ-21120» көлігімен қарсыбағыттағы «Volkswagen Passat» машинасына соғылған. Тексеріс барысында оның жеңіл дәрежедегі ішімдік ішкендігі анықталған.
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Аймақтар • Кеше
ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылды
Оқиға • Кеше