Жамбыл футбол мектебінің түлегі ең алғаш «Аңсар» клубында доп теуіп, кәсіби түрде футзалмен айналыса бастады. Араға жылдар салып, яғни 2009 жылы Алматының «Қайратына» ауысып, 2019 жылдың соңында клубтағы мансабын аяқтады. Осы он жылдың ішінде Жаманқұлов «Қайратпен» бірге Қазақстанның он дүркін чемпионы атанып, екі мәрте УЕФА Кубогын иеленді.
Ұлттық құрама сапында 2016 жылы Сербияда өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді. Қарт құрлық біріншілігіндегі бес ойында (Ресей, Хорватия – 2 гол, Италия, Испания және Сербия) алты гол соғып, турнирдің үздік сұрмергендерінің бірі болды. Серік Жаманқұлов ұлттық құрама жейдесімен жалпы саны 58 ойында алаңға шығып, 22 мәрте гол соқты.