Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев Ақтөбе қаласындағы стадиондарға қайта тексеріс жүргізіп, комиссия мүшелерімен бірге жергілікті футбол алаңдары матч өткізуге толық дайын екеніне көз жеткізді. Енді «Ақтөбе» футбол клубы өз алаңындағы матчтарын аталған стадионда өткізе алады.
Сондай-ақ ҚКФЛ «Ақтөбе» клубына уақытша шегерілген 3 ұпайын қайтарып беру жайлы шешім қабылдады. Айта кетуіміз керек, дәл осындай мәселемен лига басшылығы «Шахтер» және «Жетісу» клубтарына да қатаң ескерту жасаған еді.