Спорт • 14 Сәуір, 2021

Азия чемпионаты: Айдос Сұлтанғали мен Алмат Кебісбаев финалда

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның қос грек-рим күресі шебері бас жүлде үшін таласады. Олар – Айдос Сұлтанғали мен Алмат Кебісбаев.

Азия чемпионаты: Айдос Сұлтанғали мен Алмат Кебісбаев финалда

60 кило салмақтағы Айдос алғашында кореялық Ким Сеунгхакқа сан соқтырса, жартылай финалда ирактық Каррар Абас Албеедханнан айласын асырды. Финалда қандасымыз Иранның мықтысы Мехди Мохсен Меджадпен күш сынасады.

67 кило салмақтағы Алмат Кебісбаев бастапқы бәсекелерде өзбекстандық Мирзобек Рахматов пен кореялық Ким Дохенгтың аяғын көктен келтірді. Жартылай финалда қырғыстандық Амантұр Исамайловты жеңген ол ақтық сында жапониялық Цушика Шимоямадамен шеберлік байқасады. 

Ал Евгений Поливадов (82 кило) пен Ерұлан Ысқақов (97 кило) қола медаль үшін талсады.