Осы бір игілікті іс туралы Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев әлеуметтік желілерге жазды.
«Ауыл қариялары мен жастары бастамашыл болған игілікті істі жергілікті дүкен иелері де мақұлдап, зиянды сусынды тек осы айда ғана емес, мүлде сатылымға шығармайтынын уәде етті. Бұл – батагөй ақсақалдарымыздың және жалынды жастарымыздың еңбегі.
Алла Тағала қасиетті Рамазан айында ұстаған оразамыз бен құлшылығымызды қабыл етсін! Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтсын! Дінімізге қуат, өзімізге иманның байлығын берсін», дейді ол.