ANTIKOR • 14 Сәуір, 2021

Нидерланды Елшісі Қазақстанның жемқорлыққа қарсы жұмысын жоғары бағалады

10 рет көрсетілді

Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андре Карстенс ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «AntikorLive» жобасының кезекті қонағы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елшінің айтуынша, бүгінде Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы ең ірі инвесторы. Бұл ретте инвестициялардың басым бөлігі Каспий теңізіндегі және оның айналасындағы мұнай-газ секторына бағытталған. Алайда, мәртебелі қонақтың айтуынша, соңғы уақытта ауыл шаруашылығы мен жасыл экономикаға инвестициялардың өсуі байқалады.

Сондай-ақ, Елші Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жетістіктеріне тоқталды. Естеріңізге сала кетейік, Transparency International-дің 2020 жылдағы Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 19 позицияға көтеріліп, алғаш рет 38 балл жинады.

А.Карстенстің айтуынша, Қазақстан алға зор қадам жасады және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұл жетістікте маңызды рөл атқарғанына күмән жоқ.

Сонымен қатар, ол жүргізіліп жатқан жұмысты одан әрі жақсарту мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру және азаматтық қоғаммен тығыз ынтымақтастық орнату қажеттігін атап өтті.

Осы тұрғыда спикер «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді алдын алу шаралары» жобасын іске асыру аясында 2018 жылдан бастап Елшіліктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ынтымақтастығының оң тәжірибесін атап өтті.

Оның айтуынша, осы уақыт ішінде бірегей ақпараттық ресурстар – «Сараптама» бағдарламалық жасақтамасы және «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жасалды.

Елшінің пікірінше, мұндай өнімдер азаматтарға мемлекеттік шығындар туралы ақпарат аша отырып, олардың өмір сүру сапасын жақсартады.

Бұл өз кезегінде азаматтық қоғам мен билік арасындағы диалогты және өзара сенімді нығайта түседі.

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағасы тағы арзандады

Экономика • Бүгін, 11:30

Күлше қыз

Театр • Бүгін, 09:25

Гүлдердің сырын ұққан...

Өнер • Бүгін, 09:24

Қалдықты кәдеге жаратты

Аймақтар • Бүгін, 09:22

Ақылы автожол көбейді

Қазақстан • Бүгін, 09:18

Digital теңсіздік

Технология • Бүгін, 09:14

Елін сүйген ерен ер

Тарих • Бүгін, 09:11

Расиманың асүйі

Қоғам • Бүгін, 09:07

Ұқсас жаңалықтар