Аймақтар • 14 Сәуір, 2021

Қостанай облысында трактор аударылып, 3 адам қайтыс болды

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстық Полиция департаменті Қарасу ауданында трактор аударылып, үш адам қайтыс болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысында трактор аударылып, 3 адам қайтыс болды

Жол-көлік оқиғасы Комсомольское ауылына жақын маңда болған.

«К-744» маркалы тракторы аударылып кеткен. Трактордың көрші ауылға жұмысшыларды тасығаны анықталды. Көлік құралында 4 адам болған. Өкінішке қарай, 3 адам көз жұмды, біреуі зардап шеккен жоқ. Жол апатының себеп-салдары тергеу барысында анықталады», деп хабарлады облыстың Полиция департаменті.

Қарасу ауданы әкімдігінің өкілі «Astana Grand Trade» ЖШС қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсеткенін айтты. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалған. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.