Аймақтар • 14 Сәуір, 2021

Жетісуда жұқпалы індеттің таралуы жиіледі

82 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жетісуда жұқпалы індеттің таралуы жиілеп барады. Қазір аймақтағы эпидемиялық жағдай асқынып, өңір «қызыл аймақ» санатына қосылған. Карантин шектеуі де қатаңдатылды. Алайда коронавирус жұқтырған науқас саны азаяр емес, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісуда жұқпалы індеттің таралуы жиіледі

Өткен облыс бойынша 226 адамнан коронавирус белгісі табылған екен. Соның ішінде Талдықорған қаласында 53 науқас дәргерлік көмекке жүгінсе, Еңбекшіқазақ ауданында – 33, Панфилов ауданында – 29, Іле ауданында - 27, Талғар ауданында – 23, Жамбыл және Көксу аудандарында 16 жағдай анықталып отыр. Ал Қарасай ауданында – 10, Ескелді ауданында – 5, Ақсу, Балқаш, Кербұлақ аудандарында 3 жағдайдан, Ұйғыр ауданы мен Қапшағай қаласында 2 жағдайдан, Алакөл ауданында 1 жағдай тіркелді. Бүгінде облыс ауруханаларында 2510 жұқпалы індетке қарсы адам ем қабылдап жатыр. Өкінішке қарай, 25 науқастың жағдайы ауыр екен Ал аймақ бойынша жұқпалы аурулар стационарларындағы орын саны 61 пайызға толыққан. Сондай-ақ өткен тәулікте облыс бойынша 126 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан көрінеді.

Айтпақшы, өңірде коронавирусқа қарсы вакцинациялау жұмысы қызу жүріп жатыр. Қазір екпе салу ісі барлық ауданда басталған. Мысалға, Еңбекшіқазақ аудандында «Спутник-V» вакцинасының 1-компонентін 7265 адам алған. Ал вакцинаның екі компонентін толық алғандар саны 1196 адамға жетіпті. Аудандағы халық көп шоғырланған Есік қласы мен Шелек ауылындағы аудандық ауруханаларда екпе кабинеттері ашылып, ауылдардағы амбулаторияларда да екпе салу жүріп жатыр. Сондай-ақ жылжымалы екпе бригадалары құрылған. Қазір бұл бригадалар аудандағы үлкен өндіріс орындары «Adal» және «FoodMaster» компанияларына барып, жұмысшылар мен қызметкерлерге коронавирусқа қарсы вакцина салуда.