Футбол • 14 Сәуір, 2021

Түркітілдес елдердің футбол федерациялары бірігуі мүмкін

21 рет көрсетілді

Жаңа жоба болашақта 7 федерацияны ортақтастырмақ, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әжербайжан, Венгрия секілді мемлекеттердің футбол федерацияларының басқосуында ҚФФ атынан бас хатшы Азамат Айтқожин сөз сөйледі.

«Қазақстан футбол федерациясы 7 қауымдастықты біріктіріп отырған бауырлас елдер жиынына қатысуды зор абырой санайды. Түркітілдес елдердің футболының бірігуі құптарлық іс. Қазақстан тарапы ортақ жобаға атсалысудан бас тартпайды. Ендігі жиынды Түркі дүниесінің астанасы Түркістан қаласында өткізуді ұсынамын»,  деді ҚФФ бас хатшысы.

Сонымен қатар, жиын барысында аталған мемлекеттер құрамаларының бір-бірімен жолдастық матчтар өткізіп, түрлі жарыстар ұйымдастыру мәселелері де талқыланды. Бұқаралық футбол мен балалар және жасөспірімдер арасындағы ортақ турнир өткізу жайы да тілге тиек етілді.

Соңғы жаңалықтар

Доллар қымбаттады

Қаржы • Кеше

Ұқсас жаңалықтар