Барша жанкүйер көз тіккен Париждегі матч «Баварияның» (1:0) жеңісімен аяқталса да, турнирдің былтырғы жеңімпаздары жарыс жолынан шығып қалды. Екі ойын қорытындысы бойынша жалпы есеп теңескенімен (3:3), бір апта бұрын Германияда өткен бәсекеде ПСЖ қонақта соққан үш голының арқасында жартылай финалға жолдама алды. Осылайша Париж командасы «Бавариядан» былтырғы жеңілісінің есесін қайтарды. Чемпиондар лигасының өткен жылғы финалында ПСЖ 1:0 есебімен жеңіліп, қос құлақты кубоктан құр қалған еді.
Қатар өткен «Порту» мен «Челси» арасындағы кездесуде де жеңіске жеткен команда жартылай финалға шыға алмады. Тең дәрежеде өткен ойынның соңғы минутында «Порту» гол соғып, қарсыласынан басым түскенімен екі ойынның қорытындысы бойынша (2:1) бәрібір «Челсиге» жол берді.