Аймақтар • 15 Сәуір, 2021

Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің 524 маманы індетке қарсы екпе алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдікәрімов мәлімдеді.

Аймақта жыл басынан бері әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының стационарында 677 азаматқа, күндізгі бөлімшелерде 184 адамға қызмет көрсетілді.

– Қазір бізге қарасты медициналық мекеменің үшеуі Талсуат елді мекенінде, бірі Қазалыда, енді бірі қалада орналасқан. Бүгінде бұл мекемелерге облыстық бюджеттен азық-түлік, дәрі-дәрмек, коммуналдық шығындары мен басқа да қажеттіліктеріне толығымен қаржы бөлінген. Сондай-ақ, Covid-2019 пандемиясына байланысты 2-3 айға жететін қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтар қоры да дайын, – деді Мейрамбек Жақсылықұлы.