Саясат • 15 Сәуір, 2021

Партияның Петропавлдағы филиалы алдағы атқарар жұмысты нақтылады

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясы СҚОФ Саяси кеңес Бюросының отырысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының бағыттарын іске асыру жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Партияның Петропавлдағы филиалы алдағы атқарар жұмысты нақтылады

12 өңірлік кеңестің құрамына мәслихат депутаттары, партия жақтастары, белсенділер, сарапшылар, блогерлер, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері енді. Сонымен бірге Петропавл қаласында және облыстың 13 ауданында 141 аумақтық кеңес құрылды. Жалпы, кеңес құрамына 800-ден астам адам кіреді.

Олар сайлауалды бағдарламаның Өңірлік даму, экология, аграрлық сектор, экономика және кәсіпкерлікті қолдау, Ұлт денсаулығы, білім және ғылым, жұмыспен қамту және әлеуметтік осал топтарды қолдау, мәдениет, отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері, жастарды қолдау бағыттары бойынша іске асырылуын бақылаумен айналысатын болады. «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының төрағасы, СҚО әкімі Құмар Ақсақалов кеңестердің жұмысы қоғамдық пікірді және қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келген азаматтардың өтініштерін талдауды ескере отырып, ашық форматта құрылғанын атап өтті.

«Жыл соңына қарай Мемлекеттік органдардың басшылары сайлауалды бағдарламаны іске асыру мәселесі бойынша тыңдалады. Сондықтан барлық кеңестер жыл бойы бұл мәселені қатаң бақылауы керек. Бізде 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар бар, оның аясында сүт фермалары, бордақылау алаңдары, құс фабрикалары болады, елдімекендерде мектептер, медициналық объектілер қайта құрылады. 5 жыл ішінде 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынады, көп бейінді аурухананың құрылысы жалғасады. Өңірде Nazarbayev University қағидаты бойынша жұмыс істейтін жаңа жоғары оқу орны, 3 мың орындық үлкен спорт кешені салынады. Кеңес мүшелерінің жұмысы көп, сондықтан тиісті бақылауды қамтамасыз ету қажет», деді Құмар Ақсақалов.