Экология • 15 Сәуір, 2021

Алматы облысында орман алқаптары өртенді

1149 рет көрсетілді

Алматы облысы Балқаш ауданы аумағында орман алқаптары өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

«14 сәуірде Балқаш ауданының жер қорында болған дала өрті қатты желдің әсерінен Күрті ОШКММ Тау-Құм орманшылығына ауысқан. 2021 жылы 15 сәуірде «Қазәуеорманқорғау» РМҚК ұшағымен әуеден бақылау жүргізілді. Ұшқыш бақылаушы берген ақпаратқа сәйкес, жел жылдамдығының тоқтауына байланысты өрттің таралуы тоқтатылған», деп жазылған комитет хабарламасында.

Қазіргі уақытта Күрті орман шаруашылығынан 30 адам, 1 өрт сөндіру автокөлігі, 1 трактор, 5 жеңіл автокөлік, аудандық ТЖБ-дан – 1 көлік, 6 адам, «Қазәуеорманқорғау» мекемесінен – 9 адам, Желтораңғы ауылдық округінен – 6 адам орман өртін сөндіруге кіріскен. Өрт сөндіру кезінде ешкім жарақат алған жоқ.

Өрттің аумағы мен келтіріліген залал көлемі, өрт толық жойылғаннан кейін есептеліп, қосымша ұсынылады.

«Сонымен бірге, 15 сәуірде сағат 12:00-дегі ақпарат бойынша, өрт «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында Іле сағасында 10-15 шақырым жерде басталып, резерваттың 13 орамы 1 теліміне ауысқан. Өрт болып жатқан жер – сулы-батпақты аумақ. Өртті сөндіруге резерваттан 2 автокөлік пен 9 адам жіберілген», деп хабарлады комитет.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар