Спорт • 16 Сәуір, 2021

Үшінші рет жұдырықтасады

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жектен әлемдегі ең беделді ұйым – UFC кеше әлемнің экс-чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық әйгілі файтер Дастин Порье арасындағы үшінші айқас өтетінін ресми түрде мәлімдеді.

Үшінші рет жұдырықтасады

Екі үздік арасындағы кездесу 10 шілдеде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді деп белгіленген. МакГрегор мен Порье UFC 264 турнирінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасса, аталған жарыстың андеркардында отандасымыз Жалғас Жұмағұлов осы ұйымдағы өзінің үшінші айқасын өткізеді.

Айта кетейік, МакГрегор мен Порье бұған дейін сегізбұрышта екі рет кездесіп, екеуі де бір-бір жекпе-жекте жеңіске жеткен. Алғаш 2014 жылы өткен бәсекеде ирландиялық файтер мерзімінен бұрын жеңіске жетсе, 2021 жылдың қаңтарындағы сайыста Порье қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар

Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Экономика • 31 Желтоқсан, 2025