Футбол • 16 Сәуір, 2021

Жартылай финалдың жұптары анықталды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше футболдан Чемпиондар лигасының ширек финал ойындары аяқталып, жартылай финалға жолдама алған төрт клуб белгілі болды.

Жартылай финалдың жұптары анықталды

Испанияның «Реалы» ширек финалдың қарымта кездесуін Англияда өткізіп, алаң қожайындары – «Ливерпульмен» тең (0:0) ойнады. Осылайша Мадридтегі сенімді жеңісінің (3:1) нәтижесінде «Реал» 14-рет жартылай финалға шықты. Германиядағы «Боруссия Д» мен «Манчестер Сити» арасындағы матчта ағылшын клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Естеріңізде болса, «Манчестер Сити» өз алаңындағы алғашқы ойында да дәл сондай есеппен басым түскен еді. Бір айта кетерлігі, «Сити» турнир тарихында небәрі екінші мәрте жартылай финалға шығып отыр.

Енді жартылай финалда «Реал» мен «Челси», «Манчестер Сити» мен ПСЖ клубтары финал жолдамасын сарапқа салады. Алғашқы ойындар 27 сәуірге, қарымта кездесулер 4 мамырға жоспарланған.