Білім • 16 Сәуір, 2021

ҰБТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды

78 рет көрсетілді

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды  Egemen.kz «Ұлттық тестілеу орталығына» сілтеме жасап.

Өтінімді қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады. Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын және өтетін орнын өз еркімен таңдауға болады. 15 сәуірден бастап ҰБТ тапсыру үшін бірінші мүмкіндіктің датасын, ал 1 мамырдан бастап екінші мүмкіндіктің датасын таңдау мүмкіндігі бар.

Тестілеудің өзі 25 сәуір - 30 маусым аралығында өтеді. Аталған кезеңде ҰБТ-ға 2 рет қатысуға болады және жинаған ең жоғары балмен білім беру грантын тағайындау конкурсына түсуге болады. Биылғы - 2021 жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады.

Соңғы жаңалықтар

Ақыретке дейінгі адалдық

Өнер • Бүгін, 10:23

Ұқсас жаңалықтар