16 Сәуір, 2021

Маңғыстауда сирек кездесетін қызғалдақ гүлдеді

1162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстаудың құмды аймақтарында сирек кездесетін соғды қызғалдағы гүлдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда сирек кездесетін қызғалдақ гүлдеді

Қызыл кітапқа енген қызғалдақтардың суретін Ольга Михайлова есімді әлеуметік желі қолданушысы парақшасына жариялап, «Маңғыстауға көктем келді», деп жазды.

Соғды қызғалдағы(Tulip sogdiana) – биікті 10-25 сантиметр болатын көпжылдық өсімдіктің түрі. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 0,7-1,5 сантиметр, қара, қоңыр, қатты, ішкі жағы түкті қабықты болады.

Соғды көктемнің ортасында наурыздан сәуірге қараған уақытта гүлдей бастайды. Қызылқұм, Қарақұм және Маңғыстаудың құмды аймақтарында немесе сирек, сазды, шөлейтті жерлерде өседі.

Соғды қызғалдағы – Қазақстанның қызыл кітабына енген, сирек кездесетін гүл.

Гаухар ҚАПАШ