Аймақтар • 16 Сәуір, 2021

«Халифа Алтай» мешітінде вакцина егу пункті жұмысын бастады

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде мамандандырылған вакцина егу пункті ашылды, деп хабарлайды Еgemen.kz.

«Халифа Алтай» мешітінде вакцина егу пункті жұмысын бастады

Мешітте ашылған бұл пункт Рамазан айы бойы тұрақты жұмыс істейді.

«Рамазан айында мешітке келуші халық көп болғандықтан вакцина алуға емханаларға барып, уақыт жоғалтпасын деген ниетпен осы орталықты ашып отырмыз. Бұл тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жасалды. Екіншіден, бұл вакцина егуді жеделдетуге барынша көмек болады», деп атап өтті бас имамы Ермек Қасболатұлы.

Егу пункті ашылған сәтте-ақ вакцина алуға ниет білдірушілер көп болды. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қанат Турдиевтың айтуынша, егу пунктіне арналған жабдықтар «Ана мен бала орталығынан» әкелінді. Орын барлық санитарлық ережелерге сай.

Вакцина алған пациент емханадағыдай 30 минут күту залында медициналық бақылауда болады. Вакцина егу алдында дене температурасын өлшеу, артериялық қан қысымын өлшеу сынды дәрігердің тексеруі жүргізіледі.