«Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қаланың бірегей сәулет элементтері мен бірегей ерекшеліктерін сақтай отырып, Түркістанның тарихи орталығын қайта жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр. Реставрация, реконструкция және археологиялық зерттеулер бойынша барлық жүргізілетін жұмыстар халықаралық сарапшылардың және ЮНЕСКО сияқты беделді ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес жүргізіліп келеді», деді Ақтоты Райымқұлова.
Бұдан соң, ол Әзірет Сұлтан музей-қорығының әрбір нысанын дамытудың тұжырымдамалық жоспары әзірленгенін сөз етті.
«Тарихи мәліметтер негізінде, сондай-ақ, еліміздің танымал ғалымдарын тарта отырып, басты нысаны – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі болып табылатын Әзірет Сұлтан музей-қорығының әрбір нысанын дамытудың тұжырымдамалық жоспары әзірленді. Осылайша қолданыстағы материалдарды барынша сақтай отырып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезі жаңартылды», деді министр.