Руханият • 16 Сәуір, 2021

Ғасырлық тарихы бар ежелгі қала жаңа келбетке ие болды – Ақтоты Райымқұлова

38 рет көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ғасырлық тарихы, көптеген тарихи-мәдени, туристік және діни ескерткіштері бар ежелгі қала жаңа келбетке ие болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Түркістанды қайта жаңғырту жолында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған рөлі ерекше. Елбасы 2018 жылдың 19 маусымында Түркістан облысын құру туралы шешім қабылдады. Осы тарихи шешімнің арқасында ғасырлық тарихы, көптеген тарихи-мәдени, туристік және діни ескерткіштері бар ежелгі қала жаңа келбетке ие болып, әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартуда», деді А. Райымқұлова.

Бұдан соң, ол Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында тарихи орталықтарды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қаланың бірегей сәулет элементтері мен бірегей ерекшеліктерін сақтай отырып, Түркістанның тарихи орталығын қайта жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр. Реставрация, реконструкция және археологиялық зерттеулер бойынша барлық жүргізілетін жұмыстар халықаралық сарапшылардың және ЮНЕСКО сынды беделді ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес жүргізіліп келеді», деді министр.



Соңғы жаңалықтар

Ақыретке дейінгі адалдық

Өнер • Бүгін, 10:23

Ұқсас жаңалықтар