53 кило салмақтағы Асылзат Сағымбай кореялық Ох Хиюнюнг пен өзбекстандық Шахнозахун Махмудовадан өтіп, жартылай финалда тайпейлік Менг Суан Сиенге есе жіберді. Енді Асылзат қола медаль үшін таласады.
57 кило салмақтағы Алтынай Сатылған сайысқа түсті. Ол кореялық Ли Шинху және сингапурлық Даниеле Чинг Лимді жеңгеінмен жартылай финалда моңғолиялық Батцэцэг Алтанцэцэгтен айласын асыра алмады. Алтынай да үшінші орын үшін күреседі.
62 кило салмақта Ирина Кузнецова боз кілемге шықты. Ол Оңтүстік Кореяның өкілі Квон Юнжинді ұтқанымен, Қырғызстанның мақтанышы Айсұлу Тыныбекова және Моңғолияның мықтысы Болтортуя Хурелкууге жол берді. Сол секілді 72 кило салмақтағы Жамиля Бақбергенова да бірде ұтылып, бірде ұтты. Олардың екеуінің де жеңіс тұғырына көтерілуіне мүмкіндіктері бар.
Ал 65 кило салмақта Гауһар Мұқатай тайпейлік Ксин Пенг Пай мен үндістандық Сақшы Мәліктен ойсырай ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.