Күрес • 17 Сәуір, 2021

Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық балуан Талғат Сырбаз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Құрлықтық бәсекеде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда өзбекстандық Сирожиддин Хасановпен кездесті. Екеуара кездесу 6:2 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді.

Осы салмақта үндістандық Каран Каран мен қырғызстандық Исламбек Оразбеков қола жүлдеге иелік етті.