Қазақстан • 18 Сәуір, 2021

ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде жерімізді қорғауға шақырған видеолар тарап жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, онда «Қалқан-2021» оқу-жаттығуларында түсірілген кадрлар көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz  stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды

«2021 жылғы 17 сәуірде жекелеген электрондық ақпараттық ресурстарда Атырау облысында өтіп жатқан акциялар туралы видео тарала бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Әлеуметтік желілерде тараған видеода «Қалқан-2021» оқу-жаттығулары көрсетілген. Осыған байланысты ҰҚК баспасөз қызметі отандық БАҚ редакцияларынан мұндай материалдарды қайта жариялағанда немесе оған сілтеме жасаған кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгініп, ақпаратты растауды немесе түсініктеме алуын сұрайды. Сондай-ақ ҰҚК жалған ақпарат таратпауға шақырады», делінген хабарламада.