Аймақтар • 18 Сәуір, 2021

Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде екі бала зардап шекті

11 рет көрсетілді

Жол-көлік оқиғасы сағат 11:40-та Лермонтов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болды, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

- «Chevrolet Captiva» маркалы автокөлігінің жүргізушісі алда келе жатқан «Toyota Chaser» маркалы автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota» автокөлігінің кәмелетке толмаған екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінді, - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Дәрігерлер тексергеннен кейін балалар үйлеріне жіберілді.

Аталмыш факт тіркеліп, тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында  2012 және 2020 жылдары туған балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Жол апатына тап болған қалған үш ересек адам медициналық көмектен бас тартты.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар