Қоғам • 18 Сәуір, 2021

Қалжыңдаймын деп айыппұл төлейтін болды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейде жол-көлік оқиғаларын әдепсіз немесе жауапкершілігі төмен жүргізушілер де жасайды.

Қалжыңдаймын деп айыппұл төлейтін болды

Мәселен, Көкшетау — Чистополье бағытындағы автожолда 22 жасар «ойынқұмар» жүргізуші «Toyota Previa» көлігімен келе жатып жылдамдығын 60 шақырымға дейін түсіріп, артынан озып кетпекші болғандарға қасақана жолды жауып, кедергі келтірген. Артындағы адам оның бұл қылығын бейнероликке түсіріп алып, Instagram желісіне салып қойған. Бұған жол патрульдері де араласып, ақырында «ойынқұмардың» кім екенін анықтады.

Айыртау ауданының ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Бақытжан Жантілеуов оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 614-бабы - «Көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіру» бойынша хаттама толтырылғанын жеткізді. Енді жол тәртібін ойыншық көрген «қалжыңқой» кем дегенде сот шешімімен айыппұл төлейтін болады.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35