Күрес • 18 Сәуір, 2021

Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркін күрестен Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Нұрқожа Қайпанов екі дүркін Азия чемпионы атанды деп хабарлайды Egemen.kz  Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

74 келіге дейінгі салмақта белдескен ол финалда ирандық Мұстафа Хосейнханимен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде 0:2 есебімен ұтылып жатқан Қайпанов екінші кезеңде күшіне мініп, өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды. 

Еске сала кетейік, Нұрқожа Қайпанов 2019 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатында да топ жарған болатын. Былтырғы маусымнан бастап Нұрқожа олимпиадалық салмаққа ауысты.

 Бұл Қазақстан командасының Азия біріншілігіндегі екінші алтыны. Кеше еркін күрес шебері Талғат Сырбаз 70 келіде жеңіске жеткен болатын.