Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған.
1970 жылы Қазақ Ұлттық консерваториясынның (бұрынғы Алматы консерваториясы) Актерлік шеберлік факультетін бітірген.
Консерваторияның 4 курсында оқып жүріп, 1969 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады.
1969-1993 жж осы театрда аянбай еңбек етеді.
1993 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актерлік бөліміне ауысқан.
1994 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «актерлік шеберлік» мамандығынан дәріс оқиды.
Оның кино саласында сомдаған рөлдері:
1977 - «Нан» – Жамал (реж. А. Тәжібаев)
1982 - «Қауын» – бас кейіпкердің зайыбы (реж. В. Пұсырманов),
1990 - «Қыз жылаған» – Әсия (реж. С. Нарымбетов),
«Жел адам» – ауыл тұрғыны,
2009 - Сіз кімсіз, Ка мырза?» – жолсерік (реж. Қ. Ахметов),
2009 - «Біржан сал» – Бүрме әже (реж. Д. Жолжақсынов),
2011 - «Айналайын» – Сәлима (реж. А. Сатаев);
1996-2000 - Тоғысқан тағдырлар (Роза)
2001-2003 - Саранша (Марго)
2002 - Ләйләнің зары
2007 - Однажды в багажнике - Женщина на вокзале
2008 - Откройте дверь, я счастье
2012-2013 - «25 км» (Қарлығаш) (реж. И.Пискунов)
2012-2013 - «Домашние войны» Әже (реж. А.Кирюшенко)
2014 - Кемпір» Күлпәш (реж. Е.Тұрсынов)
2015 - Зауал» Әже (реж. Ж.Айбасов)
2015 - «Побег из аула» Тетя героя (реж. Н.Адамбаев)