Ерлер арасындағы бәсекелерде Санжар Ташкенбай (49 кг) неміс спортшысын бет қаратпай жеңіп, келесі айналымға өтті. 56 килодағы Ерболат Сабыр екі раунд ішінде латвиялық Матвейс Прокудинсті төрт рет нокдаунға жіберіп, ширек финалға шықса, 91 килоға дейінгі салмақта Мәди Әміров иорданиялық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.
Сонымен қатар Сабыржан Аққалықов (64 кг) та ширек финалда өнер көрсетеді. Бесінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша ерлер арасындағы 52, 69, 81 және 91 килодан жоғары салмақтағы боксшылар жарыс жолынан шығып қалды.