Хоккей • 19 Сәуір, 2021

Кеңейтілген құрам жарияланды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлт­тық құрамасының бапкерлер құрамы 21 мамыр мен 6 маусым күндері Лат­вияда өтетін хоккейден әлем чемпио­натына қатысатын кеңейтілген құрам­ды жариялады.

Кеңейтілген құрам жарияланды

Қазақстан хоккей федерациясының мәліметі бойынша, құрамға 35 ойыншы енген. Осылардың ішінен әлем чемпио­натына тек 28 хоккейші (25 ойыншы, 3 қақпашы) ғана барады. Кеңейтілген ті­зім мынадай: Қақпашылар: Хенрик Карлссон («Барыс»), Никита Бояркин («Сарыарқа»), Демид Еремеев («Теміртау»), Андрей Шу­тов («Торпедо»); Қорғаушылар: Джес­си Блэкер, Самат Данияр, Даррен Диц, Алек­сей Маклюков, Леонид Метальников, Ва­лерий Орехов, Егор Шалапов, Виктор Свед­берг (бәрі де – «Барыс»), Әділ Бекетаев («Торпедо»), Кирилл Полохов («Тамбов»), Дмитрий Степанов («Ақтөбе»).

Шабуылшылар: Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Дмитрий Шевченко, Арка­дий Шестаков, Роман Старченко, Кертис Волк (бәрі де – «Барыс»), Саян Данияр («Номад»), Дмитрий Гренц, Кирилл Савицкий, Алек­сандр Шин, Артем Лихотников (бәрі де – «Торпедо»), Александр Борисевич, Вла­дислав Никулин («Сарыарка»), Евгений Ры­марев («Югра»), Найджел Доус («Ак Барс»).

Ұлттық құраманы Юрий Михайлис жаттықтырады. Қазақстан құрамасы «Барыс Аренадағы» жаттығу жиынына 29 сәуірде кіріседі.